23 Ақп 2024
Жаңалықтар

«ЛИДЕР» шығармашылық тобының жоспарына сәйкес зерттеу сыныпына алынған 5«В» оқушыларына Раева Роза тарих сабағынан «Үйсіндер» тақырыбында ашық сабақ өткізді

Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін тарих, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері таңдап алынды. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып, А,В,С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс – әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар