Мектебімізде «Беу қазақ жігіттері» тақырыбында «Жігіт сұлтаны - 2024» байқауы өткізілді. Байқайға 9 - 11 сынып арасынан өнерімен тамсандырған, бірірінен бірі озатын сайыпқыран 6 жігіт қатысты. 7 кезкеңнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін қатысушылар бар өнерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті. Байқау қорытындысы бойынша өзге жігіттерден дараланып, қазылар алқасының көңілінен шыққан Бас жүлде 10 «а» сынып Қоныс Алихан, 1 - орын 11 «ә» Мықтыбек Даниял, 2 - орын 9 «ә» Анарбай Мақсат, 3 - орын 9 «а» Тілеухан Асхат.Қалған оқушылар номинациямен марапатталды.
http://berdiarov-keles.edu.kz/is-sh-r/11235-mektepishilik-ba-ylau-bojynsha-at-aryl-an-zh-mystardy-m-limeti-26-01-02-2024-zhyl.html#sigFreeId24ed95e946