25 Желт 2023
Есептер

🔰Келес аудандық білім бөліміне қарасты «Т. Бердияров атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі

✍️«Т. Бердияров атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ғимараты ыңғайластырылған

Мекен жайы: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын а/ә, Ұшқын ауылы, Қонаев көшесі №9
Қолданысқа берілді: 1985 жылы салынды
Жалпы ауданы – 2690,6
Жобалық қуаты – 1176 оқушы орындық.
Оқушылар контингенті : 1198 оқушы.
1 сынып – 144
2-4 сынып – 344
5-9 сынып – 557
10-11 сынып – 128
Мектептің миссиясы: Оқушы бойындағы ерекше қабілеттерін айқындап дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, салауатты өмір салтын ұстанатын, кез келген мәселені оңтайлы шешуге дағдыланған, шығармашыл қабілеті қалыптасқан жаһандық тұлға қалыптастыру.

Мектеп ІІ ауысымда оқиды. І ауысымда-697 оқушы, ІІ ауысымда -503 оқушы. Педагогтар саны -117. Санаты бойынша: педагог- зерттеуші -15, педагог- сарапшы -34, педагог- модератор -36, санаты жоқ- 32 педагог.
28.08.2023жылы күні өткізілген педагогикалық кеңесте мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен, нормативті құжаттармен және әдістемелік нұсқаулық хатында ұсынылған үлгілік оқу жоспарымен таныстырылды. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 08 қарашадағы №500 , ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы бұйрығы талаптарын орындау негізінде мектеп ұжымы 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 жылғы №365 бұйрығы 6- қосымшасымен оқытуды, 10-11 сыныптарда ҚР Оқу –ағарту министрінің 30.09.2022 жылғы №412 бұйрығы, 38-39 қосымшалары , 1-4 сыныптарда ҚР Оқу –ағарту министрінің 18.08.2023жыл №264 бұйрығы, 1-қосымшасымен оқытуды таңдау жасап, бекітіліп, хаттамамен толтырылды.
Мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Жусупова әдістемелік кеңес өткізіп, мектеп мұғалімдерін мектептің әдістемелік жұмыс жоспарымен, әдістемелік нұсқау хатымен, Халықаралық зерттеу, PISA-ға, ББЖМ, ҰБТ –ға дайындық жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітілді. Мектеп мұғалімдері электронды журналды толтыру ережелерімен таныстырылды. Күнделікті дұрыс баға қойылуы, дұрыс толтырылуы қадағалануда.
Биыл бастауыш сынып оқушыларынан 1-4 сыныпта оқитын 489 бала және әлеуметтік жағдайына қарай жалпы 8 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

Материалдық техникалық базасы базасы:
Мектеп ғимараты бейне бақылаумен қамтамасыз етілген. Жалпы мектеп бойынша -16 бейне бақылау камересы орнатылған оның -11 бейне бақылау камерасы ғимараттың ішінде орналасқан, 5 бейне бақылау камерасы ғимарат сыртында орналасқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған 1 дана жаңа автобус берілді
Мектептің 3 сыныбына 56 дана парта, 20 дана тақта, 2 дана елтаңба, ҚР туы 4 дана, 28 дана өрт сөндіргіш, 4 дана турникет, 1 дана дабыл түймелері әкелінді. Қазіргі таңда толығымен пайдалануға беріліп, оқушылар білім алуда.

Мектепішілік 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбиенің, айлық, апталық жоспарлары жасалып бекітілді. 1 Қыркүйек білім күніне орай «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
05.09-15.09.2023 жыл ҚР тілдер мерекесіне орай " Тіл- тірегім, соғып тұрған жүрегім "
атты тақырыпта онкүндік іс-шарасы салтанатты түрде ашылды.
Жоспарға сәйкес "Тіл достық кілті" атты кітап көрмесімен оқырмандар танысты. Көрмеге 20-дан астам кітап қойылып,шолу жұмыстары жүргізілді. 5-9 сынып оқушылары арасында тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқу және мақал-мәтел сайыстары өткізілді
Ақын-Тоқаш Бердияровтың 98 жылдығына орай үлкен іс шара болып өтті.
15-17.09. 2023ж Өзбекстан елінің, Ташкент қаласында өткен Греплинг AIGA түрінен Азия чемпионатында "Келес спорт клубының" 11 «Б» сынып оқушысы Кәрім Айтолқын 56 кг салмақта өнер көрсетіп, ІІ-жүлделі орын иеленді.
Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған Республикалық «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» байқауына мектебімізде оқушылар арасында байқау өткізілді. Өткізілген бейнетаспа материалдары «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының сайтына жолданды
Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты іс –шарасы мектеп әкімшілігінің отырысында бекітілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Зорлық-зомбылық қарсы 16 күн » атты ақпараттық науқаның жоспары бойынша Жастар өкілдерінің қатысумен флешмобтар және креативті іс-шаралар жүзеге асырылды.
29 қараша күні "Способы развития творческих способностей детей" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті.
Мектебімізде Лесбек Нұрлыбайұлының ұл –қыздары мен немерелерінің демеушілігімен Лесбек Нұрлыбаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән дәрісханасы ашылды
Мектебінде күз мезгіліне орай , жылдық тәрбие жоспарына сәйкес “Берекелі Мерекелі Алтын күз” атты байқау өткізілді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Кел, бірге оқиық» атты тақырыпта онкүндігі өткізілді.
04-15.12.2023ж күні тарих, география, химия, биология пәндер бірлестігінің
«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа аманат" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шарасы болып өтті.І с-шара жоспарға сәйкес Жапбарали Абишовтың ұйымдастыруымен . «Тарихқа саяхат» суреттер және макет жасау көрмесін, тарих пәнінің мұғалімі Раева Роза «Алаш зиялылары-ұлт мақтанышы»тақырыбында ашық сабақ, Бердалиев Туймебай «Жаратылыстау білгірлері»тақырыбында, 5-6 сынып оқушылары арасында георгафиялық сайыс, география пәнінің мұғағалімі Дилдабекова Перизат «Қызық екен» атты интелектуалдық ойынын, тарих пәнінің мұғалімдері Абдуллаева Айжамал, Ахметов Ғалымжан, Ажибек Айнакуловтар «Тарихи көш» қойлымын, биология пәні мұғалімі Г. Ешанкулова «Бақытты сәт» сайыс сабақтарын өткізді

🏅Мектеп жетістіктері:
Математика пәнінен 3-4 және 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінен 3-сынып оқушысы Тұрсынбай Сауран жетекшісі Р. Жапахова, Құрбан Асылжан, Ахметәлі Нұрасыл ІІ орын жетекшісі Б. Раева, Қоныс Перизат ІІ орын жетекшісі Раева Гульдана, Раушан Нұрсұлтан ІІІ орын иеленді жетекшісі Келдибекова Гуля Серікбай Арайлым, Хұсан Ардана ІІ орын, Базарбай Мағжан ІІІ орын, Абдрасил Гүлдария ІІІ орын, Нұрғали Нұрайлым ІІІ орын, Ирсимбетов Мақсат ІІІ орын жетекшісі Даулетов Бауыржан

5 сынып оқушысы Ұлық Нұрсырым гипстен мүсін жасау өнерімен облыстық және аудандық фейсбук, инстограмм желілерінде үздік деп танылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді

"Зерде" шығармашылық жұмыстар мен кіші ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінен 3 сынып оқушысы Мұхтар Омархан ІІ орын 3 иеленді. Жетекшісі Раева Бибигул

«Педагогикалық идеялар фестивалі - 2023» аудандық кезеңінің жеңімпаздары педагог-психолог Ильясова Жадра І орын, орыс тілі пән мұғалімі Утегенова Разия ІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Абдиева Айжахан ІІІ орын, география пәні мұғалімі Дилдабекова Перизат ІІІ орын, математика пәнінің мұғалімі Раушан Азамат ІІІ орын иеленді.

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңінен химия пәнінің мұғалімі Кубекбаева Халия 3-орын иеленді
Аудандық пән олимпиададан информатика пәнінен Тұрап Жансая І орын алды. Жетекшісі Ағабекова Дурия, тарих пәнінен Темірбек Айжарқын ІІІ орын алды. Жетекшісі Абдуллаева Айжамал, құқық пәнінен Жолбарыс Нұрзат ІІ орын иеленді. Жетекшісі Ғалымжан Ахметов

"Ақберен" республикалық өнер байқауының "Шешендік білгірлік" номинациясы бойынша қатысқан Балтабаева Маржан 8 "в" сынып оқушысы ІІ орын алды. Жетекшісі - Колдашева Атиргул. "Ақындар мүшәйрәсә" номинациясы Раушан Мереке 10 "а" сынып оқушысы эссе жазудан ІІІ орын алды. Жетекшісі Нурхайова Майра.
бойынша қатысқан Абдибек Айдана 11 "ә" сынып оқушысы ІІІ орын алды.
Республикалық "Махамбет оқулары " байқауының аудандық кезеңіне қатысқан Сүгірбекова Елнұрай 8 "в" сынып оқушысы ІІ орын алды.
10-11 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын түлек" олимпиадысының аудандық кезеңінен Ильяс Дариға ІІ орын жетекшісі Хансаитова Руза, Тұрғанбек Аружан ІІ орын жетекшісі Налибаева Роза, Мырзахмет Индира ІІІ орын жетекшісі Серікбай Арайлым
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге арналған Президенттік олимпиадасының аудандық кезеңінен Тұрғанбек Аружан ІІІ орын жетекшісі Налибаева Роза

“Ustaz Tilegi” республикалық ғылыми -әдістемелік орталығынан ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында 2ші дәрежелі Диплом Мушкал Бақнұр марапатталады. Пән мұғалімі Алденеева Айгул

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар