|
№ 20 Т. Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Мекен жайы: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын а/ә, Ұшқын ауылы, Қонаев көшесі №9
|
- Мектептің миссиясы: Оқушы бойындағы ерекше қабілеттерін айқындап дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, салауатты өмір салтын ұстанатын, кез келген мәселені оңтайлы шешуге дағдыланған, шығармашыл қабілеті қалыптасқан жаһандық тұлға қалыптастыру.
- Қолданысқа берілді: 1985 жылы салынды
- Жалпы ауданы – 2690,6
- Жобалық қуаты – 1176 оқушы орындық.
- Жалпы мұғалімдер саны -116
- Зерттеуші-15
- Сарапшы-34
- Модератор-35
- Басшылық бойынша санат
- Бірінші деңгей – 0
- Екінші деңгей – 0
- Үшінші деңгей-3
- Оқушылар контингенті : 119 оқушы.
- Ұлы-603,
- қызы-592
- Үйде оқитын оқушылар саны- 8
Материалдық базасы
Оқу кабинеті – 5
Класс кабинеті -29
Интерактивті тақтасы бар класс – 1
Паспортталған кабинет – 4
Зертханалық (арнайы кабинет) – 3
Спорт зал – 1
Мәжіліс залы -1
Мектеп асханасы – 1
Кітапхана – 1
Мұражай – 1
ІТ кабинет -1
Информатика кабинеті -2
Психолог кабинеті – 1
![]() |
Мектеп директоры директоры Юсупов Ержан Ускенбаевич 24.09.1979 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округінің, Ұшқын ауылында дүниеге келгенБілімі:Жоғары. Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жеке қасиеті: Көшбасшылық, тұлғааралық бедел, басқаларға ықпал ете білу, алдына мақсат қою, өз ұстанымын қорғай білу |
Жұмыс өтілі:
- 09.2003 ж – 09.01.2004 ж № 127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде есепші.
- 01.2004 ж – 24.09.2007 ж № 127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде технология пәні мұғалімі.
- 09.2007 ж – 21.11.2009 ж № 127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагог.
- 11.2009 ж – 04.12.2017 ж № 127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
04.12.2017 ж № 20 Т. Бердияров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директор
Санаты педагог-зерттеуші
Жұмыс өтілі: 21 жыл
Жетістіктер:
- 2020 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тиімді оқыту және критериалды бағалау жүйесінің маңыздылығы» тақырыбында өткен «Ақпан – 2020» педагогикалық оқуларына белсене қатысып, мазмұнды тәжірибесімен бөліскені үшін Келес ауданының білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
- 2020 жылы Еліміздің ертеңі жастарды тәрбиелеп, келешектің даңғыл жолына білімді ұрпақты жетелегені үшін «SERPIN» Білім және инновация ұлттық палатасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
- 2020 жылы Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытындағы жұмыстарды жандандыруда белсенділік танытқаны үшін Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталықтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
- 2020 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы-2020» байқауында жеңімпаз болғаны үшін «BILIM-ORKENIETІ» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «І дәрежелі дипломы» және төсбелгісімен марапатталған.
- 2021 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
- 2021 жылы ҚР Парламент Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының сайлауын өткізуге белсенді қатысқаны үшін Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «Алғыс хатымен» марапатталған.
№20 Т. Бердияров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепішілік бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың мәліметі
05 қазан күні мектебімізде ұстаздар күніне орай іс-шара болып өтті. Оған мектеп ұстаздары мен оқушылары атсалысты. Оқушыларымыз ұстаздарға арнап жырларын жолдап, сазды бағдарламасын ұсынды.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeIdb8428d20cc
2023 жылдың 06 қазанында сағат 12.00-де «Зерделі» оқу орталығының қолдауымен 3-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада алдында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу –ісі жөніндегі орынбасары А. Тагаев оқушыларға олимпиада ережесімен таныстырып, сәттілік тіледі. Олимпиадаға 3-4 сыныптардан 28 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңі бекітілген ережелер мен нұсқаулыққа сәйкес өткізілді.
Тапсырмалар екі бөлімнен тұрады, орындауға берілген уақыт 60 минутты құрады.
Бірінші бөлім. Тест жұмысы 10 есеп берілді, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50.
Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп берілді, жалпы ұпай саны 50.
Оқушылардың жұмысы тексеріліп, хаттама толтырылды.
Сондай-ақ олимпиада барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId6777cebfa7
05қазан күні мектебімізде "Өзін - өзі басқару " жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "Дублер күні " өткізілді.
Жоғарыда аталған мақсатты орындауда мектеп оқушылары ерекше қызығушылықты танытып, белсенділік танытты. Дублер күні оқушылар сабаққа ынта және ықласымен дайындалып түрлі тәсілдермен тәжірибелерін көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра алды. Шара соңында есе, оқушылар "Дублер күні " алған әсерлерімен, ұстаздық қызметтің қиыны мен қызығы туралы өзара пікір алмасты.
Оқушылар бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің тыныс-тіршілігіне араласып оң әсер алды.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId0d5c9921c5
2023 жылдың 10-12 қазан аралығында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтық олимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегі білім берудің беделiн көтеру мақсатында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, география, тарих, информатика пәндерінен және бастауыш сыныптарда мектепішілік олимпиада өткізілді
Олимпиада тапсырмаларын дайындап, оқушыларды ұйымдастыру оқу ісі жөніндегі орынбасарлар мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне жүктелді
Мектепішілік олимпиадада І орын иеленген оқушылар аудандық олимпиадаға ұсынылып,хаттама толтырылды
Аудандық олимпиадаға ұсынылған оқушыларды дайындау жұмыстары пән мұғалімдеріне жүктелді
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId0922592e31
Педагог-психологтардың жоспары бойынша 7 – сынып оқушыларына Аутодеструктив мінез құлықтың алдын – алу мақсатында сауалнама жүргізілді
Мақсаты: Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, тұлғааралығын өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу, психологиялық мәдениетін көтеру.
Психологиялық зерртеу
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу.
7 – сынып оқушыларымен сауалнама алынды. Сауалнамаға 7 «а», «ә», «б», «в», «г» сынып оқушылары қатысты.
Сауалнамаға 7 «а» сыныптан 22оқушы қатысты
7 «ә» сыныптан 21 оқушы қатысты
7 «б» сыныптан 20 оқушы қатысты
7 «в» сыныптан 22 оқушы қатысты
7 «г» сыныптан 18 оқушы қатысты
Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша жеке және топтық түзету дамыту жұмыстары жүргізіліп , қажетті психолгиялық кеңестер берілді.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId241a03d429
Мектебімізде 10 қазан күні ұлдар жиналысы өткізілді.
Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау
керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Мектеп директоры Е. Юсупов, тәрбие ісі жөніндегі орныбасарлары, ұйымдастырушы педагог А. Шералиев, тәлімгер, мектеп психологтары 9,10,11 сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша мектеп директоры Е. Юсупов мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeIde1ad06b149
Мектебімізде 5 сынып оқушысы Ұлық Нұрсырым гипстен мүсін жасау өнерімен облыстық және аудандық фейзбук ,инстограм желілерінде үздік деп танылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруде атап айтар болсақ: «Farabi Shakirti» — зерек жасөспірімдерге арналған басылым, ERNUR.KZ http://ernur.kz/turkistan-oblysy/turkistan-11-zhasar-okushy-gipsten-buiym-zhasaidy , Farabi Shakirti» — зерек жасөспірімдерге арналған басылым https://farabishakirti.kz/11-zhasar-o-ushy-gipsten-b-jym-zhasajdy/ ONINFO.KZ , Түркістан облысының әкімдігі https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik, https://smi24.kz/kk/ СМИ24 https://smi24.kz/img/logoweb.svg , OTYRAR18+ https://kz.otyrar.kz/ осы баспасөз порталы.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId3401e2996e
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер және ата-аналары немесе қамқоршыларына түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынғаны жөнінде ата–аналарға, жасөспірімдерге түсінік жұмыстары жүргізілді.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId78f77d4bf9
Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған Республикалық «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» байқауына мектебімізде оқушылар арасында байқау өткізілді. Өткізілген бейнетаспа материалдары «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының сайтына жолданды
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId19c46f9da8
25 қазан Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным! » он күндігіне көрме ұйымдастырылып, оқушылар арасында асфальтке сурет салу шаралары өткізілді
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeIda1eee834a4
"Олимпиада 2023" математика,қазақ тілі, әдебиеттік оқу,жаратылыстану ,дүниетану пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
http://berdiarov-keles.edu.kz/#sigFreeId2838862a8b
![]() |
15-17.09. 2023ж Өзбекстан елінің, Ташкент қаласында өткен Греплинг AIGA түрінен Азия чемпионатында "Келес спорт клубының" 11 «Б» сынып оқушысы Кәрім Айтолқын 56 кг салмақта өнер көрсетіп, ІІ-жүлделі орын иеленді. |